Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық полицияның дерегінше, банк картасынан ақшаның ұрланғаны туралы арыз Степногорск қалалық ІІБ кезекші бөліміне қарашаның 16-сы күні келіп түскен.
"Бұдан бұрын анықталғандай, 29 қазан мен 8 қараша аралығында белгісіз жолмен Halyk Bank картасын еркін пайдалана отырып, 309 мың теңге көлеміндегі қаражатты қолды қылған", — деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицейлер арызданушымен сұхбат жүргізгеннен кейін ақша жоғалып кеткен банк картасы 8 қарашада жергілікті аурухананың терапия бөлімінде қайтыс болған науқасқа тиесілі болғанын анықтады.
Бірқатар жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырған полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, кейін оны қолға түсірген.
"Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтады. Аталған факті бойынша ҚР "Ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", — деп қосты полиция.
Аталған баптың санкциялары бойынша күдікті ірі көлемде айыппұл салу немесе үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін.