Ақмола облысында ауыл әкімін өлтірген қылмыскер 20 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында ауыл әкімін өлтірген қылмыскер 20 жылға сотталды

Ақмола облысында ауыл әкімін өлтірген қылмыскер 20 жылға сотталды

Ақмола облысында ауыл әкімін өлтірген адам алдағы 20 жылын абақтыда өткізетін болды.  Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Қараша 2015
  • 383
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетсек,  ағымдағы жылдың 20 шілдесінде кешкі уақыт 20:00 минут шамасында Жақсы ауданының Балағаш ауылында округ әкімі Яна Крыль өзінің жұмыс кабинетінде пышақ жарақатын алып, кейін аудандық ауруханада көз жұмған болатын. Кейін осы оқиғаға күдікті Бағдат Бәтенов өзіне-өзі қол салмақ болады. Алайда,  оның бұл әрекеті жүзеге аспай  құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қолға түседі.

«Бүгін осы қылмысқа байланысты Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үкім шығарылды.


Сот Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 8-тармағымен («Адам өлтiру») қылмыстық құқықбұзушылық жасады деп айыпталған Бағдат Бәтеновке 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», деп көрсетілген хабарламада. 

Соңғы жаңалықтар