Ақмола облысында балалар ауруханасының жыртық төсегі науқастарды шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында балалар ауруханасының  жыртық төсегі науқастарды шошытты

Ақмола облысында балалар ауруханасының жыртық төсегі науқастарды шошытты

Ақмола облысындағы балалар ауруханасының жағдайы сын көтермейді. Мұнда науқастар тіпті төсек-орынға дейін өздері қолтықтап келуге мәжбүр. Жыртық төсек, жұлма-жұлма жастықты көріп жаға ұстадық дейді емделуге келген балалардың ата-аналары. Ескі-құсқы жиһазды айтпағанда мұндағы есіктерде тұтқа да қалмаған. Облыстағы жалғыз балалар ауруханасының мүшкіл жағдайын тілшіміз Айзат Тұрғынбекқызы көріп қайтты. 

  • 14 Қазан 2015
  • 352
Фото - Caravan.kz

Баласын жастығымен бірге алып шыққан мына азамат ауруханаға төсек жабдықтарын тасып жүруге үйренген. Сайран Азнабаев та сырқат немересімен бірге аурухананың ақылы бөліміне жатып шыққан екен. Күніне 1200 теңге төлепті. Тек оның тегін палатадан айырмашылығы жоқ дейді ашулы тұрғын. 

Сайран Азнабаев, емделуші:

-Міне, түйір-түйір мінекей.Мынаның бәрі жыртық жыртық. Масқара. Ұйықтай алмадық.

Марина Гурцкая, емделуші:

-Қан қысымым көтерілді осында келгелі. Міне, осындай төсекте баламыз екеуіміз жатырмыз. Жыртық-жыртық. Несіне 10 мың теңге төлеймін.

Мынау пульмонология бөлімшесіндегі диван. Балалар осында отырып, теледидар көруі тиіс. Бірақ ескі техника жұмыс істемейді. Ал есіктің тұтқасына қарап, жарақаттанып қаламын ба деп қорқасың. Емделушілердің шағымданып жатқанын естіген облыстық денсаулық басқармасындағылар жедел жетіпті. Ашулы пациенттер оларға да бас салды.

Сергей Киласьев, Ақмола облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

-Қазіргі уақытта аурухананың бас дәрігері мұнда жұмыс істемейді. Жақында байқау өтті, осы аптада жаңа басшы келеді.Облыстық басқарманың да басшысы ауысты. Келесі жылы аурухананың жағдайын қарастыратын боламыз. 

Соңғы рет емдеу мекемесіне 2 жыл бұрын бақандай 60 млн теңгеге жөндеу жасалған екен. Бірақ ескі-құсқы жиһаз бен төсек-орынды айтпағанда, сылағы түсіп жатқан қабырғаларға қарап бұған сену қиын.

Соңғы жаңалықтар