Жарияланды: 330

Ақмола облысында белгісіз снарядтың жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті

Ақмола облысында белгісіз снарядтың жарылуы салдарынан үш адам зардап шекті, олардың бірі ауруханада қайтыс болды, деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық полицияның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жексенбі күні Целиноград аудандық ауруханасына жарықшақтан көптеген жарақат алған үш ауыл тұрғыны жеткізілген. Олардың бірі 27 жастағы жігіт ауруханада көз жұмды. Полицияның айтуынша, олар Қарасу өзеніндегі көпір астынан тауып алған белгісіз снарядты шегемен ашып көрмек болғаны анықталған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін