Бруцеллез Садовый ауылындағы шаруа қожалықтарының бірінде шыққан болатын. Мал иесі алғашқы сараптама қорытындысына сенбей, Ауыл шаруашылығы министрлігіне барып, жергілікті ветеринарлар үстінен шағым түсірген екен. Сол бойынша Елордадан келген мамандар да қожалықтағы 280 бастың тең жартысынан індет белгілерін тапты. Осы уақытқа дейін мал ортақ өрістен оқшауланбай, жайылып жүрген. Тиісті шаралар ауру әбден асқынып кеткен соң қолға алынып отыр.
Манат Әбдірахманов, Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы бастығының міндетін атқарушы:
-Осылай жүргенде уақыт өткізіп алды ол кісі. 123 басты қазір комиссия шығып, бұйрық бердік. 3 күннің ішінде көзін құрту керек.