ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, жарылыс көмірмен жұмыс істейтін қазандықтың ішіндегі қысымның өзгерісі салдарынан болған.
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қосшы ауылындағы бу қазандығында жарылыс болып, ғимараттың төбесі мен қабырға плиталары құлады. Екі адам үйінді астында қалып қаза тапса, тағы да екі адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ақпаратына сәйкес, жарылыс көмірмен жұмыс істейтін қазандықтың ішіндегі қысымның өзгерісі салдарынан болған.