Жарияланды: 390

Ақмола облысында бұрынғы аудан прокуроры мен АІІБ басшысныың орынбасары сотталды

Ақмола облысының Целиноград аудандық соты бүгін Қорғалжын ауданының бұрынғы прокуроры мен аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасарын пара алған және пара алуда араағайын болғаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аудандық сот үкіміне сәйкес, ауданның бұрынғы прокуроры мүлкін тәркілеумен жеті жылға бас бостандығынан айырылды, бұрынғы полиция қызметкері екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұрын хабарланғандай, 2012 жылы сәуір айында қаржы полициясы қылмыстық іс бойынша шартты түрде сотталушыға қолұшын беру үшін 10 мың доллар алу кезінде аудан прокурорын ұстаған. Ақшаны алуда мердігер аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары болған. Олардың екеуі де сол жерде тұтқындалды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін