Жарияланды: 470

Ақмола облысында дәмхана қожайынына оқ атылды

Ақмола облысында Астана-Ерейментау жолының бойында Ерейментау ауданы Новомарковка ауылының маңындағы «Табат» дәмханасының иесі көрсетілген қызмет көңілінен шықпаған қонақтың қолынан жарақат алды. Дәмхана қызметкерлері мен қонақтың қақтығысы сәрсенбі күні таңғы 10-да болған.

«53 жастағы астаналық жұмыссыз ТОЗ-8М спорттық кіші калибрлі мылтығынан оқ атқан», - деп хабарлайды облыстық ІІД. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәмханаға келген қонақ алдымен 49 жастағы аспаз әйелмен дауласқан, кейін әйелге көмекке келген дәмхананың 35 жастағы иесіне ауысқан. «Дау барысында Астана қаласының тұрғыны өзінің «Нива» көлігінен мылтық алып шығып, қарсыласының аяғынан атып жіберген», - деп нақтылады полиция. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, аудандық ауруханаға жеткізілген адамға «сол жақ аяғының жұмсақ тіндерінің жарақаты» деген диагнлз қойылды. Қару қолданып, дауласқан клиент АІІБ-іге жеткізілді, қазір оған қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі шешіліп жатыр, деп хабарлайды полиция.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін