Ақмола облысында демалыс орнында болған өрттен 1 адам көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында демалыс орнында болған өрттен 1 адам көз жұмды

Ақмола облысында демалыс орнында болған өрттен 1 адам көз жұмды

Целиноград ауданының Малотимофеевка кентіндегі демалыс орнында өрт болып, оқиға орнынан 1 адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 23 Қараша 2015
  • 351
Фото - Caravan.kz

«Өрт 20-шы қараша күні түнгі 01:22 минут шамасында «Балқарағай» демалу орнындағы жұмысшыларға арналған жатақхана ғимаратында орын алған. Тілсіз жауды ауыздықтауға  облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің жеке құрамынан 2 адам және 1 арнайы өрт сөндіру техникасы, Астана қалалық ТЖД  «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ-нің жеке құрамынан 8 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы,  Астанадағы АМО жеке құрамынан 2 адам және 1 арнайы техника жұмылдырылды.

Оқиға орнынан 1979 жылғы ер адамның мүрдесі табылды», — деп көрсетілген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар