Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды.
Facebook әлеуметтік желісінде жарияланған жиында Ақмола облысы Жарқайың ауданының тұрғындары қала атауын өзгерту мәселесін шешті.
Қалаға ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі, Абылай ханның немересі Кенесары Қасымовтың құрметіне Кенесары деген жаңа атау беру ұсынылған.
Ақмола облысының әкімдігі мәліметінше, атауды өзгерту туралы соңғы шешім әлі қабылданған жоқ.
"Бұл тұрғындардың бастамасымен, жиын өтті. Әзірге ресми шешім қабылданған жоқ", — деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері.
Айта кетейік, Википедия қазірдің өзінде қала атауын өзгертіп үлгерген