Ақмола облысында диспансер басшысы науқастарды уылдырық пен жал-жаяға тойдырдым деп есеп берген - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында диспансер басшысы науқастарды уылдырық пен жал-жаяға тойдырдым деп есеп берген

Ақмола облысында диспансер басшысы науқастарды уылдырық пен жал-жаяға тойдырдым деп есеп берген

Ақмола облысындағы Купчановка психдиспансерінің 500 емделушісі қыстай уылдырық жеп, жылқы етін азық етіпті. Алайда бұл – мекеме директоры Данияр Жангелдиновтің қағаз жүзіндегі есебі. Шындыққа «үш қайнаса сорпасы қосылмайтын» осындай мәлімет берген директордың мәселесін Тәртіптік кеңес қарап, оны қызметіне лайықсыз деп тапты. Шенеуніктердің тәртібі қаралған бұл жиында арақ ішіп, көлік жүргізген Атбасар ауданы әкімінің орынбасары да ұяттан жерге кіре жаздады.

  • 22 Сәуiр 2015
  • 376
Фото - Caravan.kz

Купчановка психдиспансеріндегі ақыл-есі кем азаматтар не киіп, не ішіп жатқанын, әрине, айта алмайды. Бірақ мекеме басшылығының азық-түлікке берген тапсырысына қарасаңыз, науқастардың жегені теңіз өнімдері мен жал-жая. Мәселен, өткен жылы диспансерге 1 миллион 700 мың теңгенің қызыл уылдырығы сатып алынған. Бірақ емделушілер содан ауыз тиді ме, жоқ па белгісіз. Ал сойылған жылқы директордан ауыспайтынын қызметкер мойындапты. Жангелдинов қызметке де туыстарын алған.

Данияр Жангелдинов, Купчановка психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің директоры:

-Диспансерде әйелім істейді. Бірақ медициналық білімі бар. Сондықтан алдым. Купчановка ауыл. Ол жерге мамандар бара бермейді. Қазірдің өзінде маған 3 қызметкер жетіспейді.

Директоры етті де, жетіспейтін картопты да қоймаға қойғанын айтты. Бірақ бұл уәжі кеңес мүшелерінің көңілін жібіте алған жоқ.

Қуаныш Жапақов, Ақмола облыстық Тәртіптік кеңесінің төрағасы:

-Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңына сәйкес тәртіп бұзғаны үшін Жангелдиновті қызметінен босатуды ұсынамын.

Ал мынау Атбасар қаласының биылғы көктемгі тасқыннан сақтану шаралары. Бел ортасында аудан әкімінің орынбасары Александр Чириков жүр. Шенеунік қауырт жұмыстан қажыды ма, әйтеуір, ащы суға тойып алып, көлік тізгіндепті. Енді жұрт алдында кешірім сұрап, қызаруына тура келді.

Александр Чириков, Атбасар ауданы әкімінің орынбасары:

-Өзімнің кінәлі екенімді түсінемін, мойындаймын. Әрине, менің әрекетіме кешірім жоқ.

Орынбасарды сот осы әрекеті үшін 3 жылға көлік жүргізу құқынан айырған. Тәртіптік Кеңес сол жазасы жеткілікті деді ме әйтеуір, психдиспансер директоры сияқты қызметінен қуып шықпай, тек сөгіс жариялады.