Ақмола облысында ер адам көлікте тірідей өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында ер адам көлікте тірідей өртеніп кетті

Ақмола облысында ер адам көлікте тірідей өртеніп кетті

Ер адамның мәйітінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған

  • 28 Қараша 2017
  • 254
Фото - Caravan.kz

 Ақмола облысында микроавтобус ішінде жылынбақ болған ер адам тірідей өртеніп кетті, хабарлады облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі. 

ІІД мәліметіне сүйенсек, Степногорск қаласы ішкі істер басқармасына 27 қараша күні сағат 10.40-та жергілікті тұрғын хабарласып, автомобиль кооперативінде ер адамның мәйіті табылғанын хабарлаған. Оқиға орнына полиция аттанды.

"Гаражда тұрған "ГАЗель" көлігінің салонында осы көліктің жүргізушісі болып қызмет еткен 22 жастағы жігіттің денесі табылған. Бастапқы мәлімет бойынша, өлім себебі – иіс тию. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ дене мәйітханаға жіберілді, сараптама тағайындалған", — делінген баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары ер адамның көлікте не үшін қалғанын тексеріп жатыр.  


Соңғы жаңалықтар