Ақмола облысында ірі қараның 123 басында бруцеллез анықталды
Ақмола облысында, Зеренді ауданының Березняковка ауылында орналасқан «Жақыпов Т.А.» шаруа қожалығында жүргізілген күзгі ветеринарлық-алдын алу шараларының нәтижесінде ірі қара малдың 123 басында бруцеллез анықталды. ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өзге малдарға (фермада бас-аяғы 300 ірі қара мал бар) жұқтыруды тоқтату мақсатында жұқтырылған ірі қара мал оқшауланды. Оқиға орнында комиссия құрылды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін