Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен студент Екібастұз қаласынан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен студент Екібастұз қаласынан табылды

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен студент Екібастұз қаласынан табылды

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалып кеткен студент Екібастұз қаласынан табылды.

  • 9 Қазан 2015
  • 505
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетсек,  ағымдағы жылдың 24 мамырында Ақмола облысының Астрахан ауданындағы № 6 агротехникалық колледжінің жатақханасынан шығып кеткен студент қайтып оралмаған. Осыған байланысты аудандық ІІБ полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында студент Павлодар облысының Екібастұз қаласынан табылды.

Жоғалған студенттің сөзінде қарағанда мұндай қадамға баруына оны жүйке ауруына шалдыққандар есебіне қою себеп болған.

Қазіргі кезде қашқын бала жатақханаға жеткізіліп,  әңгімелесуден өтуде.


Сонымен қатар,  Көкшетау қалалық ІІБ қызметкерлері СҚО Аққайың аудандық ІІБ іздеп жүрген 22 жастағы қызды тапты. Бойжеткен ата-аналары тұрмысқа шығуына рұқсат бермегені үшін жігітімен бірге қашып кеткен көрінеді. Бұл іске қатысты материалдар көрші СҚО ІІД-ға жіберілді. 

Соңғы жаңалықтар