Ақмола облысында кісі өліміне қатысты сот отырысының соңы үлкен айқайға ұласты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында кісі өліміне қатысты сот отырысының соңы үлкен айқайға ұласты

Ақмола облысында кісі өліміне қатысты сот отырысының соңы үлкен айқайға ұласты

Ақмола облысында кісі өліміне қатысты сот отырысының соңы үлкен айқайға ұласты. Айыпталушы орындығында отырған азаматтың кінәсіз екеніне оның туыстары ғана емес, жәбірленуші тарап та сенімді. Айтуларынша, 9 ай бұрын әлдебіреулер өлімші етіп сабап кеткен бауырлары, ақтық демі үзілерде үйіне телефон соғып, қаскөйлердің атын атап кеткен. Алайда құзырлы орындар бұл мәліметті назарға алмапты. Енді қылмысқа мүлдем қатысы жоқ адамды соттағалы жатыр дейді жәбірленуші жақ.

  • 9 Қараша 2012
  • 373
Фото - Caravan.kz

— Қорлықпен кеттің ау боташым, ешкімге жазығың болмаса да. Құлыным, құлыным.

41 жастағы атпалдай азаматынан айрылып, қайғы жұтқан Әубәкіровтер отбасы нағыз қылмыскерді жауапқа тартуда мұндай сергелдеңге түсеміз деп ойламағаны анық. Қыдырбай Әубәкіров оқиға болар күні көлігімен көрші ауылға таныстарын жеткізіп салмақ болған. Жолда төбелестің үстінен түсіпті. Оны әлдекім басынан ұрып, есінен тандырған. Оқиғаға куә болғандар жігіт екі сағат ес-түссіз мына үйдің алдында жатқанын айтады. Бірақ ағасы оны ауылдан шығар жолда көлігінің ішінен тапқан. Қалтасындағы 250 мың теңгесі жоқ.

Бексұлтан Әубәкіров, марқұмның ағасы:

— Ринат деді.. Содан үзіліп кетті, біреу телефонын қолынан жұлып алғандай болды. Енді барсақ Қыдырбай рульде, руль, бәрі қан, ал кілт тап таза.

Марқұмның туыстары қылмысқа учаскелік инспектор көмекшісінің қатысы бар дейді. Валерий Махагоновтың сол күні оқ атып, мылтықтың сабымен жігітті басынан ұрғанын көргендер де бар екен. Бірақ, айналып келгенде жоқтаушысы жоқ жетім бала кінәлі болып шыққан.  


Елена Беложицкая, куәгер:

Шынымды айтсам, Васяның өлтіргенін көрмедім. Мені полицейлер ұрды, қорқытты. Сосын Вася өлтірді деп жазғызып алды.

Сол Василий Шароглазов күдікті есебінде 9 айдан бері қамауда отыр. Марқұмның туыстары прокуратураға талай шағымданып, нақты қылмыскерді ұстауын сұраған. Бірақ, нәтиже жоқ. Бүгін шыдамдары шегіне жеткен олар тура сот залында айқайға басты. 

Василий Шароглазов, күдікті:

Мойныма алдым, өйткені полицейлер мені ұрды. Мойныңа алмасаң өлтіреміз деді. Әубәкіровты кім өлтіргенін өз көзіммен көрдім. Сол үшін мен кінәлі болдым.

Істің ақ-қарасын енді сот шешуі тиіс. Ал марқұмның жақындары нағыз қылмыскер жазасын алмайынша, тоқтамаймыз деп бекінген.

Соңғы жаңалықтар