Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ақмола облысында «Астана-Петропавл» жолында көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК-нің баспасөз қызметінен. «2013 жылдың 14 қаңтар күні сағат 15.30-дан бастап қолайсыз ауа райына (бұрқасын боран, жол көрінісінің шектелуі) байланысты "Астана-Петропавл" автожолының 18-234 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылды», - делінген хабарламада. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін