Ақмола облысында көлік жүргізушілер 15 миллионнан астам теңгеге «VIP» нөмірін сатып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында көлік жүргізушілер 15 миллионнан астам теңгеге «VIP» нөмірін сатып алды

Ақмола облысында көлік жүргізушілер 15 миллионнан астам теңгеге «VIP» нөмірін сатып алды

Ақмола облысында көлік жүргізушілер үлкен сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу «VIP» нөмірін сатып алу үшін барлығы 15 миллион теңгеден астам ақша төлеген.

  • 10 Тамыз 2015
  • 453
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Еске сала кетсек, бүгіндері елімізде үлкен сұранысқаие мемлекеттік тіркеу «VIP» нөмірін сату тарифі бекітілген. Қазіргі кезде, 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008,009, 777 сериялы ерекше нөмірлер 422 мың 256 теңге тұрады. Ал 100, 111, 200,222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 сериялы нөмірлер сәл арзандау, яғни оны 253 мың  724 теңгеге сатып алуға болады.

Жыл басынан бері ІІД ӘПБ ТЕБ-мен жалпы құны 15 миллион теңгеге 49 жиынтық мемлекеттік тіркеу «Vip» нөмірі берілген. Әсіресе, ақмолалықтар арасында үлкен сұранысқа ие 333 нөмірі  — 16 дана, 777 нөмірі — 6 дана, және 001, 300, 555, 888 нөмірлері 4 данадан сатылған.


Соңғы жаңалықтар