Баланың үлкені 12-де, кішісі 1 жастан асқан. Кішкентай Ерхан дәл қазір үш бөлмелі пәтерлерін біреулердің даулап жатқанынан бейхабар, әрине. Ал 7 жыл бұрын қоныс тойын тойлап, пәтерлі болған көпбалалы отыбасы енді қайда барарын білмей отыр.
Дәмежан Әбетова, көпбалалы ана:
— Несием бар мойнымда. Қалай екенін білмеймін құжаттың түпнұсқасын әкеліп отыр. Менң құжатым дұрыс. Біреуге 20 мың доллар беріп қойып балаларыммен далада қалмаймын ғой. Сонда олар екі құжат істеп отыр.
Алғашқы қожайыны Ресейге 20 жыл бұрын көшіп кеткеннен кейін, пәтерді әкімдік сот арқылы иесіз деп таныған екен. Кейін қолдан қолға өтіп, соңында Дәмежан сатып алыпты. Енді Читада тұратын алғашқы қожайыны соттасып, баспананы босатуды талап етуде.
-Мен баяғыда әйелінен сатып алғааам. Ресейден үй иесі келе алмады сотқа. Қазір прокуратураға хабарласам. Кетіңдер. Менің қатысым қанша?
Аяқастынан қиындыққа тірелген отбасы әкімдікке жағдайын айтып барғанда, ондағылар көмек көрсетуден бас тартты. Өйткені жылжымайтын мүлік орталығында осы пәтер әлі күнге дейін Әбетованың атында тұр.
Талғат Мақшанов, Степногор қалалық коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының міндетін атқарушы:
-Ол бізге коммуналдық шаруашылыққа келіп көмек сұрады. Біз оған пәтер тауып бере алмаймыз, тіпті кезекке де қоя алмаймыз. Өйткені оның пәтері бар.
Ал сот болса, шешімді Ресей азаматының пайдасына шығарған. Бірақ мұнымен келіспеген 40 жастағы көпбалалы ана амалдың жоқтығынан ақырғы қадамға барғалы отыр.
Дәмежан Әбетова, көпбалалы ана:
—Кейде балаларымды өлтіріп тастағым келеді. Қала күні үстіме бензин құйып балаларымды да жағып жіберем. Шаршадым.
-Пәтер әлі күнге дейін Әбетованыкі деп тіркеуде тұрғанымен, соттың осы жағдайды неге ескермегені түсініксіз. Осыған күйінген Дәмежан Әбетова өртеніп өлемін дейді. Ал Степногорда осы жұма күні қаланың 50 жылдығы тойланбақ. Соған есі шыға дайындалып жатқан атқамінерлер бұл отбасы бір бәлеге ұрынып қала ма деп бас қатырмайтын сияқты.