Ақмола облысында коронавирустан қайтыс болған әйелді ауруханаға кеш жатқызған дәрігерлер жазаланды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында коронавирустан қайтыс болған әйелді ауруханаға кеш жатқызған дәрігерлер жазаланды

Ақмола облысында коронавирустан қайтыс болған әйелді ауруханаға кеш жатқызған дәрігерлер жазаланды

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәлімдеуінше, Ақмола облысы жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына сөгіс жарияланды.

  • 31 Наурыз 2020
  • 83
Фото - Caravan.kz

Облысының 64 жастағы тұрғыны уақытылы медициналық көмек ала алмай, коронавирустан қайтыс болды.

Бұл туралы Abai.kz жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Әйел қазасы Қазақстанда үлкен дауға ұласты. Марқұмның баласы оның өліміне дәрігерлерді айыптады. Оның айтуынша, дәрігерлер науқасты ауруханаға жатқызудан бірнеше мәрте бас тартқан.

Марқұмның баласының мәлімдемесі әлеуметтік желіде тараған соң, облыстық денсаулық сақтау басқармасы қызметтік тексеру жүргізген. Шенеуніктердің айтуынша, дәрігерлер науқас тұмауратып қалған деп есептеген.


"Туыстарына дұрыс түсіндірмеген, соның салдарынан осындай дау шықты. Науқасты ауруханаға уақытылы жатқызбаған соң оның жағдайы күрт нашарлап, соңы өліммен аяқталды", — деп мойындады министр.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 31 наурыз 00:30-дағы дерегі бойынша, Нұр-Сұлтанда бес адамнан, Ақмола облысында бір адамнан коронавирус табылды. Осылайша елде Covid-19 вирусын жұқтырғандар 308 адам болды.