Ақмола облысында "Лексус" бір қора қойды басып кеткен
Ақмола облысының трассасында "Лексус" жүргізушісі жиырмаға жуық қойды басып кетті, деп хабарлады "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық полицияның баспасөз қызметінен. |
Агенттікпен әңгімелесушінің айтуына қарағанда, жол апаты Екатеринбор - Алматы трассасының 1032 шақырымында болған.
"Атбасар қаласының тұрғыны көлікке ие бола алмай, жолда бір қора қойды басып кеткен. Соның салдарынан "Бастау" ЖШС-нің 22 қойы қырылып қалды. Жүргізушінің өзі зардап шеккен жоқ", деді ол.
"Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде. Бұл қылмыстық іс емес, бұл құқық бұзушылыққа жатады", деді ол.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін