Ақмола облысында "МАЗ" жүк көлігі мен балалар отырған жолаушылар автобусы соғысты, екі адам ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+10 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында  "МАЗ" жүк көлігі мен балалар отырған жолаушылар автобусы соғысты, екі адам ауруханаға жатқызылды

Ақмола облысында "МАЗ" жүк көлігі мен балалар отырған жолаушылар автобусы соғысты, екі адам ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 5-шілде. Kazakhstan Today. Ақмола облысында "МАЗ" жүк көлігі мен балалар отырған жолаушылар автобусы соғысты, екі адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 5 Шiлде 2007
  • 447
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Щучье ауданында Астана-Петропавловск тас жолының 225-ші шақырымында 4 -шілдеде 16 сағат 45 минутта «МАЗ» автокөлігінің жүргізушісі жолдың жиегінде тұрған «ВАЗ-21213» көлігін соқты. «Бұдан кейін көліктің тізгініне ие бола алмай қалған ол жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Вольво» автобусымен соғысты, — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, автобуста 42 жолаушы — 40 бала мен олармен бірге жүрген Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы «Сокол» балаларды сауықтыру лагерінің екі тәлімгері болған. Олар Степногорск қаласына бет алған. «Жол апаты салдарынан балалар зардап шеккен жоқ, «МАЗ» бен «Вольво» жүргізушілері түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті