Әлеуметтік желіде мектеп ауласында шөп жұлып жүрген ұстаздардың суреті жарияланды. Өзі мұғалім Аятжан Ахметжанның айтуынша, мұны ол Ақмола облысында түсіріп алған.
Бірақ бұның қай мектеп екенін айтпаған А.Ахметжан былай деп жазыпты: «Ұстаздардың қазір күнгі тірлігі… Егер білімді ұрпақ өссін дейтін ел болсақ, осы кезде жыл басына дайындық, базалық жұмыс істейтін шақ қой… Əттең, алты Алаштың басы қосылса төрдегі орында отыратын ұстаздар шөп жұлып жүр… Осыдан кейін бұл қауымнан қазіргі "жұлдыз" қай бала тәлім һәм білім алмақ?.. Бұл тек бір жерде емес, барлық жерде бар екенін ескертемін!»