Сандықтау ауданының 33 жастағы тұрғыны өзінің желідегі парақшасында кәпірлерге қарсы соғыс тәсілдері туралы және қарулы жиһад туралы жазған.
Материалдар діни араздықты қоздырып, террорлық әрекеттерді насихаттаған және ДАИШ ұйымының әрекетіне сай келіп, Сириядағы қанды соғысқа шақырған. Сот отырысы кезінде айыпталушы өзіне тағылған айыптармен келісті. Сандықтау аудандық сотының үкімімен айыпталушы Б. 5 жылға бас бостандығынан айырылды.