Жарияланды: 410

Ақмола облысында облыстық мәслихаттың депутатын атып өлтірген қылмыскерлер іздестірілуде

Ақмола облысының полициясы сенбі күні түнде облыстық мәслихаттың депутаты Александр Клименконы атып өлтірген қылмыскерлерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ақпаратқа қанық дереккөз.

«Түнде Атбасар қаласында бетперде киген екі адамА. Клименконың жеке меншік үйіне басып кіріп, бірнеше рет қарудан оқ атқан. А. Клименко алған жарақаттардан көз жұмды. Қылмыскерлер депутаттың әйелін соққыға жығып, байлап тастаған», - деп мәлім етті дереккөз. А. Клименко «Клименко -1»жеке меншік фирмасының директоры болған. «Үйден ештеңе жоғалған жоқ. Қылмыстың депутаттық кәсіпкерлік қызметіне қатысы болуы мүмкін», - деді дереккөз.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін