Ақмола облысында өрт салдарынан үш адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында өрт салдарынан үш адам қаза тапты

Ақмола облысында өрт салдарынан үш адам қаза тапты

Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Ақмола облысында жай үйде шыққан өрт салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 11 Тамыз 2008
  • 379
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, Ақмола облысы Сандықтау ауданының Балкашино ауылы Киров көшесінде 10 тамызда сағат 10.08-де жай үйде 52 шаршы метр аумақта өрт шықты.

Өрт салдарынан үш адам мерт болды. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт ҚР ТЖМ Өрт сөндіру қызметінің 2 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 8 адамының көмегімен 11 сағат 32 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар