Ақмола облысында пара алды деген күдікпен әкімдік қызметкері тұтқындалды
Көкшетауда облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бас маманы ұсталды. Облыстық прокуратураның ақпарына қарағанда, 32 жастағы шенеунікке 1 млн теңге пара алды деген айып тағылып отыр. «Ол Целиноград ауданында жер қойнауын пайдаланушы «Құмтас» ЖШС-мен келісімшартты ұзарту үшін 10 мың доллар сұраған», - дейді прокуратура өкілі. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін