Ақмола облысында полиция қызметкері алдымен әйеліне, кейін өзіне оқ атып көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында полиция қызметкері алдымен әйеліне, кейін өзіне оқ атып көз жұмды

Ақмола облысында полиция қызметкері алдымен әйеліне, кейін өзіне оқ атып көз жұмды

Ақмола облысында полиция қызметкері алдымен әйеліне, кейін өзіне оқ атып көз жұмды.

  • 4 Тамыз 2015
  • 393
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ның тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Пинчук мәлім етті.

Оның айтуынша, жан түршігерлік жағдай бүгін таңертең Макинск қаласында орын алған.

«38 жастағы полиция капитаны табельдік каруымен әйелін атып тастады. Кейін өзіне оқ атып, көз жұмды. Полиция қызметкерінің мұнай қадамға баруының себебі әзірге белгісіз. Тек ер адамның құқық қорғау саласында 2002 жылдан бері жұмыс істеп келгені және 3 жастағы баласы бар екені анықталып отыр.

Қазіргі кезде аталған оқиғаға байланысты ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасынан арнайы жұмыс тобы құрылып, жұмыс істеп жатыр.  Сондай-ақ,  ҚР ҚК 199 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары қолға алынды», — дейді Г.Пинчук.


Соңғы жаңалықтар