Ақмола облысында полиция сержанты тәртіп бұзушыны ұстаймын деп мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында полиция сержанты тәртіп бұзушыны ұстаймын деп мерт болды

Ақмола облысында полиция сержанты тәртіп бұзушыны ұстаймын деп мерт болды

Ақмола облысында жол апатынан полиция сержанты мерт болды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілт

  • 27 Желтоқсан 2016
  • 1106
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысында жол апатынан полиция сержанты мерт болды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметі бойынша, жол-патрульдік полициясының сержанты Рүстем Серікұлы Айтмағанбетов ағымдағы жылы 26 желтоқсан күні "Алматы Екатеринбор" тас жолының бойында жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауды қамтамасыз етуде қызметтік міндетін орындау үстінде жол апатына ұшырап, көз жұмған. "Аталған жолдың бойындағы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылының маңында жылдамдықты шамадан асырған көліктің соңына түскен оның көлігі жол қоршауына соғылды. Полиция сержанты Рүстем Айтмағанбетов алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", деп көрсетілген хабарламада. Полиция сержанты Рүстем Айтмағанбетов 1992 жылдың 14 наурызында туған. Ішкі істер органдарында 2014 жылдан бастап қызмет істейді. Бойдақ.