Жарияланды: 440

Ақмола облысында қайтыс болған әйелдің мәйітін үй жануарлары кеміріп тастаған

Ақмола облысының Ижевск ауылында жекеменшік үйде жалғыз басты зейнеткердің өлі денесі табылды. «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық полицияның баспасөз қызметі мәлімдегендей, 83 жастағы әйелдің денесінде үй жануарларының тістеген іздері анықталған. Қайтыс болған әйел үйінде ит пен мысық ұстаған. Зейнеткер неден көз жұмғанына сараптама жүргізіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін