Ақмола облысында қар суы бірнеше жолды шайып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында қар суы бірнеше жолды шайып кетті

Ақмола облысында қар суы бірнеше жолды шайып кетті

Ақмола облысында қар күрт еріп, автожолдарды су шайып кетті деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

  • 12 Сәуiр 2017
  • 254
Фото - Caravan.kz

Ведомствоның мәліметінше, облыстың алты ауданында республикалық және облыстық мәні бар жолдардан қар суы көтерілген.

"Еңбекшілдер ауданында Макинск-Ақсу-Торғай республикалық жолының 45-километрінде 9 сәуір күні қар суы жол төсемін шайып кетті, ұзындығы 20 метр, жалпақтығы 8 метр, тереңдігі 0,05 метр. Жол учаскесіндегі қозғалыс қалпына келтірілген", — деп мәлімет берді төтенше жағдайлар департаменті.

Бурабай ауданында кешкісін қар суының асып кетуінен Щучинск-Зеренді жолы жабылды. Төсемді күшейткеннен соң, қозғалыс қалпына келтірілді. Амқола облысы Ерейментау ауданындағы Ерейментау-Аршалы тас жолының 64-километрін қар суы шайып кетті. Басқа жолмен жүруге тура келеді. Еркіншілік-Олжабай жолының 12-километрін де су шайып кеткен.

Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, елді мекендерді су алып кету қаупі жоқ. Арнайы жол белгілері қойылған.