Ақмола облысында қар тазалауға арналған 1000-ға жуық техника дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында қар тазалауға арналған 1000-ға жуық техника дайын

Ақмола облысында қар тазалауға арналған 1000-ға жуық техника дайын

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қысқы аяздар мен борандарға техника жағынан да, құтқарушылар жағынан да дайын екендерін жеткізді.

  • 15 Желтоқсан 2017
  • 192
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысы солтүстік аймаққа жататындықтан, төтенше жағдайлар департаменті қазірден бастап құтқару топтарын, 1000-ға жуық қар тазалауға арналған техника дайындаған, деп хабарлайды BNews.kzKokshetautv.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кету керек, өткен жылы көлік құралдарының қар астында қалып, жолда тоқтап қалуына байланысты 340 жағдай орын алған. Жалпы былтырғы қыста дауылды алдын-ала ескерту бойынша Қазгидромедтен 23 хабарлама келіп түскен. Сондықтан да төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қысқы аяздар мен борандарға техника жағынан да, құтқарушылар жағынан да дайын екендерін жеткізді.      

Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселесіне келер болсақ, жаңа жылдық мерекелер қарсаңында тұрғын үйлерде өрттің өршіп кетуі байқалады. Оған негізгі себептердің бірі – пеш, электр жылытқыш құралдарын пайдаланғанда қауіпсіздік техникасының ережелерін бұзу.

Жалпы облыстағы өрт оқиғаларының 70 пайызы тұрғын үйлерде орын алады. Ал, мереке күндері бұл көрсеткіш 85 пайызға дейін жетеді. Осы орайда, желтоқсан айындағы мерекелер қарсаңында 23 жедел топ құрылып, 70-ке жуық қызметкер кезекшілікке тартылатын болады. 


1-желтоқсаннан бері білім беру мекемелерінде 40-қа жуық дәріс оқылып, интерактивті сабақтар өткізілген.   

Соңғы жаңалықтар