Ақмола облысында қаскөйлер ЖШС директорын атып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында қаскөйлер ЖШС директорын атып кетті

Ақмола облысында қаскөйлер ЖШС директорын атып кетті

Ақмола облысында полиция ЖШС директорының өліміне қатысты қылмысты ашу үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізуде.

  • 6 Қыркүйек 2016
  • 287
Фото - Caravan.kz

Ақмола облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қыркүйек күні Есіл аудандық ІІБ-нің кезекші бөліміне ЖШС аумағында ер адамның өлі денесі табылғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Полиция марқұмның Знаменка ауылының 52 жастағы тұрғыны, серіктестік директоры екенін анықтады.

Алғашқы мәліметтер бойынша, зардап шегушінің оқ жарақатынан көз жұмғаны анықталды.


Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, арнайы жедел топтар құрылды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.