Жарияланды: 520

Ақмола облысында құны 2 млн еуро жел генераторы орнатылды

Ақмола облысында Целиноград ауданында Родина ауылында "Родина" ЖШС қуаттылығы 750 кВт жел генераторын іске қосты. Бейсенбіде облыстық әкімшіліктен таралған ақпаратқа қарағанда, бұл қондырғыны орнатуға 2 млн еуро жұмсалыпты. "Оның ерекшелігі сол, бұл нысан экологиялық таза альтернативті энергия көзі. Өндірілетін энергия жергілікті қосалқы станцияға беріледі, ол жерден тұтынушыларға таратылады", делінген хабарламада.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін