Ақмола облысында шағын автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, 6 адам опат болды - kaz.caravan.kz
  • $ 508.42
  • 580.72
+22 °C
Алматы
2025 Жыл
10 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында шағын автобус жеңіл көлікпен соқтығысып,  6 адам опат болды

Ақмола облысында шағын автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, 6 адам опат болды

Ақмола облысында шағын автобус жеңіл көлікпен соқтығысып, 6 адам опат болды. Тағы 10 жолаушы түрлі жарақатпен Ерейментау аудандық ауруханасына жеткізілген. Біреуінің жағдайын дәрігерлер тым ауыр деп отыр.

  • 10 Маусым 2011
  • 403
Фото - Caravan.kz

 Астана-Павлодар тас жолы бойында соғылған екі автокөліктің бірі -«Петропавл су» АҚ-на тиесілі. Ал екіншісі – жолаушы таситын жекеменшік шағын автобус. 12 адам мінген автобус Моңголияға бара жатыр екен.

Серік Бекішев, Ақмола облыстық ІІД ЖПБ баспасөз қызметінің инспекторы:


— Астанаға бара жатқан петропавлдық жеңіл автокөлік белгісіз себептермен жолдың оң жағына қарай бұрып, қарсы бетке шығып кетіп, шағын автобуспен соғылған.  Кімнің кінәлі екендігі анықталуда.