Астана-Павлодар тас жолы бойында соғылған екі автокөліктің бірі -«Петропавл су» АҚ-на тиесілі. Ал екіншісі – жолаушы таситын жекеменшік шағын автобус. 12 адам мінген автобус Моңголияға бара жатыр екен.
Серік Бекішев, Ақмола облыстық ІІД ЖПБ баспасөз қызметінің инспекторы:
— Астанаға бара жатқан петропавлдық жеңіл автокөлік белгісіз себептермен жолдың оң жағына қарай бұрып, қарсы бетке шығып кетіп, шағын автобуспен соғылған. Кімнің кінәлі екендігі анықталуда.