Ақмола облысында студент сабақ үстінде алтыншы қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін сағат 13:15-те белгісіз адам телефон арқылы хабарласып, жас жігіттің Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің алтыншы қабатынан секіргені туралы айтты. Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы құлаған адамның осы білім ордасының студенті екенін және сабақ үстінде алтыншы қабаттағы аудиторияның терезесінен секіргенін анықтады», дейді ведомстводан. ПД баспасөз қызметі атап өткендей, қазіргі кезде зардап шеккен адам жедел жәрдем қызметінің көмегімен аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.