Ақмола облысында тарифтерді қымбаттатпай, электр желілерін қайта жөндеу мүмкін емес - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында тарифтерді қымбаттатпай, электр желілерін қайта жөндеу мүмкін емес

Ақмола облысында тарифтерді қымбаттатпай, электр желілерін қайта жөндеу мүмкін емес

Ақмола облысында электр қуатының тарифтерін қымбаттатпай, электр желілерін қайта жөндеу мүмкін емес. Жұма күні Көкшетауда ҚР табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің (ТМРА) облыстағы табиғи монополиялар субъектілері мен коммуналдық кәсіпорындардың жұмысына арналған кеңесіне қатысушылар осындай қорытынды жасады.

  • 7 Маусым 2011
  • 436
Фото - Caravan.kz

Шараға ТМРА төрағасы Нұрлан Алдабергенов, Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко, «Көкшетау Энерго» ЖШС-інің, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, депутаттары, кәсіпкерлер, журналистер қатысты.

Кеңеске қатысқан «Көкшетау Энерго» ЖШС-інің бас директоры Берік Ақылбеков сату көлемі азайып, электр желілерін жөндеу мен пайдалану шығындары артып отырғанын жеткізді.

2006 жылы «Көкшетау Энерго» ЖШС жалпы сомасы Т1,248 млрд болатын инвестициялық бағдарламаны жасады, ол желілерді қайта жөндеуді және модернизациялау, апаттылығын төмендету, техникалық жоғалтуларды төмендету шараларын қарастырады. 2007 жылдың 1 мамырынан орташа мерзімді тариф келісіліп, енгізілді. 2007-2009 жылдардағы кезеңде инвестициялық бағдарлама сәтті жүзеге асырылып, оң нәтиже берді.

Атап айтқанда, нормативті техникалық жоғалтулар 24,4 %-дан 2010 жылы 19,2 %-ға дейін төмендеді, қайта жөнделген желілердің апаттылығы азайып, бұл өз кезегінде пайдалану шығындарын қысқартты. Сондай-ақ, көрсетілетін қызметтің сапасы артып, мерзімінде төлем жасайтын тұтынушыларға мекен-жайы бойынша қуат беру қамтамасыз етіліп, негізгі қорлардың тозу деңгейі 5%-ға төмендеді.

Компанияның ақпараты бойынша, 2010 жылы орташа мерзімді тарифтің қызметі аяқталды. Компанияның қызметкерлері электр-желілік шаруашылықты қайта жөндеу және модернизациялау бағытында сәтті басталған шаралар жалғасын табуға тиіс. ТМРА тасымалдау тарифін инвестициялық құрамдас енгізілген, негізді шығындарға сәйкес бекітті. Бір жыл күткен энергетиктер өз желілерімен электр қуатын тасымалдауға жаңа тариф енгізе алмады, сәйкесінше, салалық министрлік бекіткен негізгі қорларды модернизациялау бағдарламасы орындалмай отыр. Қаржы түгелдей облыс аумағында болмағандықтан, Павлодар облысындағы электр станциялардан ресурстарды сатып алу шығындарын жабуға жұмсалып отыр. Алғашқы айлардың өзінде шығындар Т300 млн-нан асты.

Монополияға қарсы ведомство басшысының айтуынша, электр қуатына дифференциалды тарифтер енгізу нәтиже беріп отыр. Өткен жылы жаңа жүйенің арқасында қазақстандық тұтынушылар Т2 млрд үнемдей алды. Енді бұл жүйені Ақмола облысында да енгізу жоспарланып отыр.

Республиканың барлық аймақтарында әкімдіктің бекітуімен электр қуаты үшін тұтыну нормасы бойынша төлем жасау жүйесі енгізілгенін атап өту керек. Алғашқы қадам жасалды. Енді бұл жұмысты жалғастыру керек, тарифтерді ары қарай қымбаттату электр энергетикасы саласына теріс әсер етіп, энергетиктердің негізгі қорларды жаңарту бойынша мойындарына алған міндеттемелерін орындауға қауіп төндіріп отыр.

«Қазірг әкімдік энергетиктерді қолдап, өсіруге келісті, енді тұтыну көлеміне байланысты дифференциалды тарификация енгіземіз», — деді ТМРА басшысы.

Электр қуатын тұрмыстық мақсатта пайдаланатындар үшін тариф өзгермейді. Тұрмыстық емес мақсаттарда пайдаланылатын электр қуатының сату бағасының біршама қымбаттауы тұтынушы нарыққа айтарлықтай әсер етпейді, дейді монополияға қарсы мекеменің мамандары.

Кеңестің қорытындысы бойынша ТМРА басшылығы жергілікті департаментке тұтыну көлемі бойынша дифференциалданған тұрмыстық тарифті келісуді тапсырды.

Кеңесте қойылған міндеттер кәсіпкерлердің, халықтың, энергетиктердің бірлесіп әрекет етуін меңзейді. Ресурстарды тиімді пайдалану қаржы үнемдеуге және электр қуатын үнемдеудің жаңа әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар