Өрт 5 қыркүйекте түстен кейін Құзған орман шаруашылығы "Кенесское" орман қожалығы аумағында шыққан. Күн күркіреп, найзағай ойнауы салдарынан, құрғақ шөп тұтанып, жалын орман массивін алып кеткен. Қатты жел өрттің одан сайын лаулап жануына себеп болады. Орман күзеті жұмысшыларына көмекке Ақмола облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің күштері келеді.
Өңірдің Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті басшысы Алексей Советовтың өзі өртті сөндіруге басшылық жасады.
Тез арада шара қолданылып, тілсіз жау шеңбермен қоршалып, сөндірілді.
Өрттің бастапқы аумағы 40 га орманды құрайды.