Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сүйенсек, билік өкіліне қатысты қылмыстық әрекеттері үшін сотталып, Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/18 мекемесіне жеткізілген Жамбыл облысының 36 жастағы тұрғынынан рентген-жабдықтар арқылы өту кезінде тыйым салынған зат бар екені анықталды. Сотталушы ұялы телефон қалтасында емес, асқазанында екенін айтты.
"Рентген сотталушының асқазанында ұзындығы 6 см «Nokia» телефонынан басқа, қолданыстағы SIM картасы да бар екенін көрсетті. Қазіргі кезде, осыған байланысты сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде", — дедід департаменттің баспасөз хатшысы Ирина Горнова.