Ақмола облысында үш көлік пен шағын автобустың соқтығысуы салдарынан 1 адам қаза тауып, 16 адам жарақаттанды
Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Алматы-Екатеринбор тас жолының 1298 шақырымында 30 шілде күні сағат 07.04 минутта төрт автокөлік: «Лексус», «Мазда, «Мерседес» шағын автобусы мен «Мицубисидің» соқтығысты. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады. Апат салдарынан шағын автобус жолаушысы - 28 жасар келіншек қаза тапты, 16 адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін