Ақмола облысында жаңа сүт зауыты ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.26
  • 514.48
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында жаңа сүт зауыты ашылды

Ақмола облысында жаңа сүт зауыты ашылды

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі қаржыландырған кезекті нысан өнім шығаруды жолға қойды.

  • 12 Желтоқсан 2012
  • 621
Фото - Caravan.kz

Бұл Астананың Азық-түлік белдеуіне енген 60 жобаның және холдингтің инвестициялық портфеліндегі ауылдарда жүзеге асырылатын 263 инвестициялық жобаның бірі.

Ақмола облысының Целиноград ауданындағы «Агрофирма «Родина» ЖШС тұрғызған жаңа сүт зауытында 3 мың тоннаға жуық сүт қайта өңделді. Заманауи қайта өңдеуші кешен шамамен жеті өнім түрін шығаруды жолға қойды, соның ішінде — айран, қаймақ, ірімшік, сары май бар. Табиғи сүт шикізатының негізіндегі экологиялық таза өнім Астанаға және елорданың азық-түлік белдеуіне бағдарланған.

Тәулігіне 50 000 литр сүтті (18 000 тонн/жыл) қайта өңдеуге бағдарланған маңызды нысанның құрылысы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі құрылымындағы еншілес компания «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырды.

Қазіргі заманға лайық сүт зауытының құрылысы ірі тауарлы сүт фермасын құру жөніндегі инвестициялық жобаның жалғасы екенін айта кету қажет, оны қаржыландыруды отандық лизинг компаниясы 2007 жылы бастаған. Онда жобаның шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ Канадада селекцияланған голштино-фриз тұқымды 700 бастан астам ІҚМ сатып алуды қаржыландырды және 909,5 млн.теңге сомасына фермаға арналған жоғары технологиялық жабдық пен техниканы сатып алды. Жобаны іске асырудың арқасында 30 жұмыс орны құрылды. Қазіргі уақытта сүт-тауарлы фермасында бір мыңнан астам голштино-фриз тұқымды мал бар. Сүт-тауарлы ферма жобалық қуатқа шықты. Қазіргі таңда «Родина» сауда маркасымен шығатын сүт өнімдері елорданың нарығында әйгілі.

Жалпы, қазіргі уақытта «ҚазАгро» ұлттық холдингі компаниясы тобының инвестициялық қоржынында жалпы құны 199,9 млрд.теңгенің 263 инвестициялық жобасы бар. Оның қатарындағы 55 жоба ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласына қатысты. Олардың жалпы құны 37,5 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта «ҚазАгро» холдингі 8403,4 млн. теңгеге құсты қайта өңдеуге байланысты 3 жоба бойынша құрылыс пен технологиялық жабдықтарды, астықты қайта өңдеу бойынша жалпы құны 12,7 млрд.теңгенің 20 жобасын, 3911,5 млн. теңгеге етті қайта өңдеу бойынша 13 жобаны, 3346,6 млн. теңгеге өсімдік майының өндірісі бойынша 4 жобаны, 1793 млн. теңгеге сүтті қайта өңдеу бойынша 6 жобаны, 5721 млн. теңгеге қызанақты қайта өңдеу бойынша 3 жобаны, 99,5 млн.теңгеге күрішті өңдеу бойынша 2 жобаны қаржыландырады.

Астана қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру шеңберінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі 60 жобаны іске асыруда, оның жалпы қаржыландыру сомасы 33,4 млрд. теңгені құрайды. Елорданың азық-түлік белдеуі жобаларының ішінде — 8 жоба жұмыртқа және ет бағытындағы құс фабрикасын салу және жаңарту бойынша жоба, ол жалпы жылдық өндіріс қуаты 14,4 мың тонна құс еті және 355,9 млн. дана жұмыртқа шығарады: сүт-тауарлы фермасын құру және жаңарту бойынша 6 жоба, жылдық қуаты 45,5 мың тоннаға дейінгі сүт және сүт өнімдерінің өндірісі; 6 көкөніс қоймасы, бір мезгілдегі сақтау сыйымдылығы 20,8 тоннаға дейінгі қуатпен; жылыжай кешендерін құру бойынша 4 жоба, жалпы алаңы 17,57 га және 10,1 мың тоннаға дейінгі көкөніс өндірісімен.

Қазіргі таңда 60 жобаның ішінде жалпы құны 28 млрд.теңгенің 56 жобасы пайдалануға берілді және жұмыс істеп тұр.