«31 шілде күні сағат 11.00 шамасында «Астана-Петропавл» тас жолының 243-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды: жеңіл көлік жүргізушісі, Сәтбаев қаласының тұрғыны, 1953 жылы туған азамат Астана бағытында кетіп бара жатып, Татарстан Республикасының 48 жастағы азаматы жүргізіп келе жатқан КамАЗ транзит көлігімен соқтығысқан», делінген ресми хабарламада.
Соқтығысу салдарынан жеңіл көлік аударылып, оның үш жолаушысы түрлі жарақатпен орталық аудандық ауруханаға жеткізілген.