Ақмола облысында жеңіл көлікте 3 адам газға тұншығып өлді
|
Ақмола облысында жеңіл көлік ішінен 3 адамның мәйіті табылды. Көкшетау-Петропавл тас жолының 25-інші шақырымында күні бойы қаңтарылып тұрған Жигулиді сол маңдағы дәмхана қызметкері байқап, тәртіп сақшыларын шақыртқан.
Полиция 19 жастағы 2 жігіт пен 23-тегі қыз ұйқыға кетіп, көліктің түтініне тұншығып өлуі ықтимал, -дейді. Жігіттер Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары болса, қыз Өзбекстан азаматшасы екен. Олар Ресейде жұмыс істеп, тапқан ақшаларына сол жерден көлік сатып алып келе жатқан көрінеді. Өйткені “Жигулиге”сенімхат жуырда ғана Ханты-мансийскте берілген, әрі көліктің ресейлік нөмірлері де ауыстырылмаған. Олар алыс жолдан шаршап, дәмхана маңына түнеп шығуға тоқтауы мүмкін.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін