Ақмола облысында жол-көлік оқиғасынан сот төрағасы мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында жол-көлік оқиғасынан сот төрағасы мерт болды

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасынан сот төрағасы мерт болды

Ақмола облысында жол-көлік оқиғасынан сот төрағасы қаза тапты.

  • 30 Қыркүйек 2014
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жол апаты Көкшетау-Щучье күре жолының бойында таңғы сағат 08:00-дер шамасында орын алған. Көкшетау қаласынан 58 шақырым қашықтықта Бурабай ауданының Дорофеевка селосының маңында қатты жылдамдықпен келе жатқан "Шкода рапид" жеңіл көлігі "Газ 330200" көлігімен соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, "Шкода рапид" жеңіл көлігінің ішінде отырған жолаушы — Бурабай аудандық мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ерлан Оразов сол жерде жантәсілім еткен.

Ал оның жүргізушісі мен "Газ-330200" көлігінің 1970 жылғы жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.