Степногор-Ақкөл тас жолының 44-ші шақырымында «Мазда» көлігі жылқыны қағып, содан соң басқа көлікпен түйіскен.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жүргізуші сол жерде жан тапсырды, ал оның қасындағы жолаушы аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Ал, екінші көлік жүргізушісі жарақат алса, оның қасындағы серігі жолда көз жұмған.
Дәл сол күні Есіл ауданында жолға шығып кеткен мал тағы бір апатқа себепші болды. Салдарынан екі адам жарақат алды.