Ақмола облысында жылы жаққа ұшып бара жатқан аққуды атқандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында жылы жаққа ұшып бара жатқан аққуды атқандар ұсталды

Ақмола облысында жылы жаққа ұшып бара жатқан аққуды атқандар ұсталды

Ақмола облысында аққу атқандар ұсталды. Бес қаруын сайлаған 3 азамат көршілес Қостанай, Петропавл облыстарынан келіп емін-еркін саят құрған.

  • 22 Қазан 2015
  • 346
Фото - Caravan.kz

Тұла бойына сұлулық тұнған құс патшасын қазақ халқы кіршіксіз махаббат пен адалдықтың нышанына балайды. Бірақ мұны естен шығарған қаскөйлер жылы жаққа ұшып бара жатқан 2 аққуды атып алған. Жалпы, қазір Обалыкөл аумағында аңшы атаулының сайран құратын кезі. Ал онсыз да сиреп бара жатқан аққуға ауыз салған үшеу полицияның алдында жауап беріп жатыр. Браконьерлерге көп мөлшерде айыппұл салынуы немесе 3 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.   

Соңғы жаңалықтар