Жарияланды: 570

Ақмола облысындағы колонияда жазасын өтеп жүргендерден 230-дан аса тыйым салынған зат тәркіленді

Ақмола облысының ҚАЖК департаментінің қызметкерлері Гранитный кентіндегі 166/25 колониясында жоспарлы алдын алу тінту шарасы кезінде 230-дан аса тыйым салынған зат тәркіледі.

«Тінту шарасының үш күнінде сотталғандардан 150 ұялы телефон, 70-тен асасим-карта, осынша өткір-кескіш заттары тәркіленді. Сондай-ақ, 10 литрден аса спирт, өсімдік тектес 2 пакет табылды», - деп мәлім етті департамент қызметкері Ирина Горнова. Сондай-ақ, оның хабарлауынша, өткен түні осы колониядан бір реттік қырынуға арналған құралдың өткір жүзінің 10 сынығы тәркіленген. «Бірақ сотталғандар жарақат жасағысы келді деп айта алмаймыз. Ондай әрекеттер болған жоқ, жарақат алған ешкім көмек сұраған жоқ», - деді И. Горнова. Оның айтуынша, нұсқаулыққа сәйкес, тыйым салынған заттарды тәркілеу шарасы жарты жылда 1 рет өткізіледі.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін