Жарияланды: 500

Ақмола облысындағы шипажай аймағында көбелек мұражайы ашылады

Ақмола облысының Зеренді ауылында жеке меншік энтомологиялық мұражай ашылады.

Көбелектерді жинаумен айналысатын коллекционер, еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, «Жастық» би ансамблінің жетекшісі Ортвин Шлоссердің айтуынша, мұражай оның досы - Қазақстан шаңғы одағының президенті Валерий Шаровтың қаржысына салынбақ. О.Шлоссердің қырық жылдық коллекциясында түрлі елдерден әкелінген қымбат әрі сирек кездесетін үш мыңнан астам көбелек бар. Әзірге ол көбелектерді үйінде сақтайы. Зерендідегі курорт аймакғында мұражай ашу туралы шешімді досы екеуі осыдан екі жыл бұрын қабылдапты. Ағаш ғимараттың жобасын да өздері дайындаған. Мұражай сұлулығымен көз тартатын көбелектерін осы жылы жазда келушілер назарына ұсынбақ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін