Ақмола облысындағы Васильковское кенішін дамытуға 126 млн. доллар инвестиция салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысындағы Васильковское кенішін дамытуға 126 млн. доллар инвестиция салынады

Ақмола облысындағы Васильковское кенішін дамытуға 126 млн. доллар инвестиция салынады

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігі мен "Васильковское алтыны Бірлескен Кәсіпорны" ААҚ арасындағы келісім шартының нәтижесінде Ақмола облысындағы Васильковское кенішіндегі алтынды кенді игеруге , жалпы кенішті дамытуға 126 млн. доллар инвестиция салынатын болды .

  • 15 Шiлде 2003
  • 483
Фото - Caravan.kz

Оның 45 миллион доллары алғашқы 6 жылда игерілмекші. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Келісім шартының 5-ші жылында алтын шығару фабрикасы іске қосылып, 6-7-жылында фабрика жылына 2,4 млн. тонна кен шығара бастайды.
ҚР энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, келісім шартының бір ерекшелігі, мердігер Степногорск химия-гидрометаллургиялық зауытының уран қалдықтарын арнайы рекультивациялау міндеттемесін жүктеп алуында болып отыр.
Келісім шартына сәйкес екі жыл ішінде мердігер уран қалдықтары қоймасын рекультивациялау жөнінде жобалық-техникалық құжаттарды дайындап, техникалық-экономикалық негіздемесін жасап, экологиялық аудит жүргізуі тиіс.
Жобалау жұмысы аяқталғаннан кейін мердігер құзырлы мемлекеттік органдарда келісілген техникалық жобаға сәйкес радиоактивтілігі аз қалдықтарды көму жұмыстарын ұйымдастырады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Степногорскдегі тау-кендік (қазір «ҚазСабтон» ЖАҚ) химия комбинатының радиоактивті қалдықтары 71 млн. тоннаны құрайды.
Бұл — республика бойынша жинақталған радиоактивтілігі төмен қалдықтардың 30 процентін, ал активтілігі бойынша 50 процентті құрайды.
«Васильковское алтыны Бірлескен Кәсіпорны» ААҚ еліміздегі ең ірі Васильковское кенішіндегі алтынды кенді игеру мақсатымен Нидерландылық «Флутгейт Холдинг Б.В.» (Floodgate Holding B.V) компаниясының қатысуымен 2000-жылы құрылған. Шетелдік компания Бірлескен кәсіпорынның жарғылық қорының 60 процентін, ал Қазақстан 40 процентін иемденеді.

Соңғы жаңалықтар