Ақмола облысындағы Зеленый бор кенті коммуналшылардың кесірінен жылусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысындағы Зеленый бор кенті коммуналшылардың кесірінен жылусыз қалды

Ақмола облысындағы Зеленый бор кенті коммуналшылардың кесірінен жылусыз қалды

Ақмола облысындағы Зеленый бор кенті жылусыз қалды. Бұл аймақта жылыту маусымы 25 қыркүйекте басталуы тиіс болған. Алайда құбырларды тазартып үлгермеген коммуналдық мекеменің кесірінен күздің қара суығында бүкіл қалашықтың тұрғындары бүрсең қағып отыр. Осы жұмыстарға байланысты елді-мекенде ауызсу да жоқ. 

  • 6 Қазан 2015
  • 280
Фото - Caravan.kz

Су мен жылуы болмаған соң 300-дей бала баратын Зеленый бор балабақшасы да уақытша жұмысын тоқтатқан. Пәтерлері азынап кеткен жұрт күннің көзіне шығып жылынады. Жылу беріле бастағаны сол еді, қайтадан тоқтатып қойды дейді тұрғындар. Себебі құбырлар тазартылмаған. Енді сол жұмыстар кеш басталып, үйлерге су беру де уақытша тоқтатылған. 

Көлігі бар тұрғындардың кейбірі суды 27 шақырымдағы Щучье қаласынан тасып жүр. Зейнеткерлерге тіпті қиын. Құтыларын ұстап, таң атқаннан далада су таситын көліктерді торуылдайды.

Нұртай Шаханов, Зеленый бор кентінің тұрғыны

-Әкімдер жұмыс істемейді. Жылу  береміз деген 25-де. Тоңып далада жүрміз. Туалет сасып тұр. Ешкімге ештеңе қажет емес. Полнейший бардак и анархия осы жерде!

Коммуналдық мекеме басшылығының өз уәжі бар. Курортты аймақтағы құбырларды туристердің қамы үшін жазда тазартпадық дейді жауапты қызметтегілер.

Әди Елемесов, Бурабай аудандық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы

-Зеленый борда жылуды біз бергенбіз. Зеленый борда Казводхоз деген мекеме  тазалап жатыр өздерінің су әкелетін трубалары бар ғой.-Жаз бойы қайда қарады? Жаз бойы мұнда қонақтар көп. Жаз бойы кісі көп болғанда су болмай қалса.Қысты күні тоқтата алмайды, қатып қалады.

Қазір Зеленый бор кентінде аурухана, мектеп сияқты әлеуметтік нысандарды есептемегенде 20 көп қабатты, 800 жер үй жылусыз, ауыз сусыз отыр. Мұнда құбыр тазарту жұмыстары қашан аяқталары да белгісіз. Ал солтүстік өңірлерде түнде сынап бағамы -3 градусқа дейін төмендейді. Сондықтан мың жарым абонент күздің қара суығында бүрсең қағып отыр.     

Соңғы жаңалықтар